Ссылки доступа

Өзбекстанда қылмыс әлемінің белсенділеріне қатысты сот жүріп жатыр


3 маусымда Өзбекстанда қылмыс әлемінің "Бахти Ташкентский" деген лақап атымен танымал Бахтияр Кудратиллаевтың және оның 36 серігінің ісі бойынша сот процесі басталды.

Әлеуметтік желілерде жарияланған видеолардан сот ашық өтіп, Кудратиллаев судьяның сұрақтарына жауап беріп жатқан сәтін көруге болады.

Жалпы қылмыстық іс бойынша 37 адам, оның ішінде Бахтияр Кудратиллаев, бауыры Шухрат Кудратиллаев және ұлы Ихтиёр Кудратиллаев айыпталушылар ішінде бар.

53 жастағы Бахтияр Кудратиллаев былтыр қараша айында Ташкентте ұсталған. Оған "Адамды заңсыз бостандығынан айыру", "Алаяқтық", "Қылмыстық топ құру", "Заңсыз жолмен есірткі дайынду", "Бұзақылық", "Қылмыстық жолмен тапқан кірістерді заңдастыру" секілді баптар бойынша айып тағылған.

Былтыр жылдың соңынан бастап Өзбекстанда қылмыс әлемінің белсенділері жаппай ұстала бастаған.

XS
SM
MD
LG