Ссылки доступа

"Кемпір-Абад" ісі бойынша айыпталушылар тергеуге алына бастады


Бішкектің Бірінші май аудандық сотында "Кемпір -Абад" ісі бойынша айыпталып, қамауда отырған саясаткер және белсенділер тергеуге алына бастады.

Бішкектегі №1 тергеу абақтысында отырған оппозициялық саясаткер Равшан Жээнбековтің абақтыдан жазған хаты Фейсбук парақшасына жарияланды.

Хатта істі қарап жатқан судья Марат Сыдықов прокурорларға айыптау актілерін толық оқытпай отырып, күдіктілерді тергеуге алып жатқаны заңсыздық екені жазылған.

29 мамырдағы сот отырысында алғашқылардың бірі болып азаматтық белсенді Илгиз Шаменов (Илгиз Сарылдык уулу) сұралған.

Қырғыз-өзбек шекарасындағы "Кемпір- Абад" су қоймасының жері Өзбекстанға өтіп жатқанына қарсы пікір білдірген 27 саясаткер, белсенді және құқық қорғаушылар 2022 жылдың қазан айында қамалған. Қазір олардың сегізі тергеу абақтысында отыр. Қалғандары үйқамаққа шықты.

"Кемпір-Абад" ісі 2023 жылдың шілде айында сотқа өтіп, ішкі істер министрлігі және тергеу басқармасы бұл іске құпиялық белгісін қойған.

Айыпталып жатқандар мұның саяси астары барын айтып, сот процесінің ашық өтуін талап етіп келеді.

XS
SM
MD
LG