Ссылки доступа

Ташкенттен Ыстықкөлге автобус қатынайды


10 маусымнан бастап Ташкент – Шолпан-Ата (Ыстықкөл) бағытында автобус қатынайды.

Өзбекстан көлік министрлігінің хабарлауынша, жаз маусымында ғана жүретін автобустар 10 маусымда жолға шығады. Рейстерді Uzautotrans Service компаниясы орындайды.

«Yutong автобустары айдың тақ күндері (екі күнде бір мәрте) жүреді. Автобус Ташкент автовокзалынан сағат 15:00-де қозғалады. Билет құны - 300 000 сум (шамамен 2100 сом)» деп хабарлады Өзбекстан көлік министрлігі.

Биыл мамырда көлік министрлігі 2024 жылы 10 жаңа халықаралық бағыт бойынша автобус қатынасы ашылатынын жариялаған. Автобустар Самарқанд – Бішкек, Бұхара – Бішкек, Бұхара – Астана, Самарқанд – Түркістан, Бұхара –Түркістан, Шахрисaбз – Түркістан, Самарқанд – Душанбе, Бұхара – Душанбе, сонымен бірге Ташкент – Уфа және Ташкент – Краснодар бағыттары бойынша қатынайды деп жоспарланған.

XS
SM
MD
LG