Ссылки доступа

Алматы соты Гүлмира Сатыбалдыға қатысты жаңа істі қарап жатыр


Алматы қаласының ауданаралық соты 3 маусымда Гүлмира Сатыбалдыға қатысты жаңа қылмыстық істі қарауға кірісті. Ол Қазақстанның экс-президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың немере інісі Қайрат Сатыбалдының бұрынғы әйелі.

Жаңа іс аясында Гүлмира Сатыбалдыға аса ірі көлемде ақша бопсалады, билік жүргізді, кісінің бас бостандығынан айырды деген айыптар тағылған. Онымен бірге жүргізуші болып істеген Мәди Батыршаевты да соттап жатыр.

Сот отырысында судья сотталушылар мен адвокаттардың суреттерін жариялауға тыйым салды, деп хабарлайды «Қазақпарат».

Жергілікті ақпарат құралдарының мәліметінше, істе Абай Жүнісов жәбірленуші деп танылған. Ол Гүлмира Сатыбалдының бұрынғы күйеу баласы.

Мамырдың басында Гүлмира Сатыбалдыға қатысты істі тергеу аяқталғаны мәлім болған.

2023 жылғы маусымда Қызылордадағы сот Гүлмира Сатыбалдыны өзгенің мүлкін иемденгені үшін сегіз жылға соттады. 2023 жылғы 4 мамырда Астанадағы сот Гүлмира Сатыбалдыны адам ұрлап, билік жүргізді деген айыптармен жеті жылға соттады. Гүлмира Сатыбалдының өзі осы істердің бәрінің саяси астары бар деп мәлімдеген.

XS
SM
MD
LG