Ссылки доступа

Қырғызстан үкіметі еңбек мигранттары саны 300 мыңға қысқарғанын мәлімдеді


Қырғызстан үкімет басшысының орынбасары ЕдІл Байсаловтың хабарлауынша, Қырғызстан өзінің сыртта жүрген еңбек мигранттары санын шамамен 300 мың адамға қысқарта алды.

Бұл туралы ол Женевада Халықаралық еңбек ұйымының бас директоры Жильбер Унгбомен кездесуде айтты.

Қырғыз үкіметі баспасөз қызметінің хабарлауынша, Байсалов осы мигранттар үшін ел ішінде жұмыс орындары ашылғанын мәлімдеген.

Шетелде миграцияда жүрген қырғызстандықтар саны азайғанын осының алдында Қырғызстан сыртқы істер министрлігі де хабарлаған. СІМ мәліметінше, 2024 жылғы алғашқы тоқсанда шетелде 655,5 мың азамат болған. 2022 жылы шетелде шамамен 837 мың қырғыз азаматы жүрген.

Қырғыз еңбек мигранттарының дені Ресей, Қазақстан, Түркия, АҚШ және Оңтүстік Кореяда жұмыс істейтіні мәлім.

XS
SM
MD
LG