Ссылки доступа

2 мыңнан астам Құлсары тұрғыны өтемақы алуға келісімге келген


Атырау облысы Құлсарыда су тасқынынан зардап шеккен екі мың тұрғын үйін қалпына келтіру бойынша өтемақы алу жөнінде келісімге қол қойды деп хабарлайды арнайы штаб.

"Өтемақы алу жөнінде келісімге 2087 адам қол қойды, 1582 адам өтемақы алды", - деп хабарлайды Атырау облысының арнайы штабы.

Құлсары тұрғындарының бірі өтемақыны алып, жаңа үй салуға кірістік деп хабарлады Автодорожник шағын ауданының тұрғыны. Ол әр шаршы метрі үшін 240 мың теңге алғанын, бұл ақшаға қанағаттанатынын жеткізді.

Штаб сонымен бірге 100 үй салынатынын да хабарлады. Әрбір үйдің көлемі 100 шаршы метрден болады.

Мамыр айында Құлсары тұрғындары бір апта бойы жергілікті әкімдік алдында әр шаршы метрі үшін 400 мың теңге төлеуді талап етіп наразылық акциясын өткізген. Жергілікті билік әр шаршы метрі үшін 200–240 мың теңге төлеуге дайын екенін айтқан. Осыдан кейін тұрғындар наразылық шарасын тоқтатқан.

XS
SM
MD
LG