Мемлекет басшысының жарлығында Әлімзода «судья атына кір келтіретін әрекеттері үшін» қызметтен алынғаны жазылған.
Билік оның нақты қандай әрекетке барғанын анықтап түсіндірмей отыр.
Азаттықтың Тәжік қызметінің дереккөзінің хабарлауынша, «Ханифа Әлімзода пара алған деген күдікке іліккен».
Ханифа Әлімзода Куляб қалалық соты судьясы қызметіне 2022 жылы тағайындалған, ал оған дейін Бохтар қалалық соты төрағасының орынбасары болып істеген.
Ресми мәлімет бойынша, Тәжікстанда 400-ден астам судья жұмыс істейді. Президент оларды осы қызметке тағайындайды, қызметтен алады. Кейінгі он жылда елде резидент оларды осы қызметке тағайындайды, қызметтен алады. Кейінгі он жылда елде 30-дан астам адам «судья атына кір келтіргені» үшін қызметтен босатылған.