Ссылки доступа

Өзбекстан туризмді дамыту үшін шетелдік танымал блогерлерді шақырмақ


Өзбекстан туризмді дамыту үшін шетелдік танымал блогерлерді шақыруды жоспарлап отыр. Бұл жөнінде президент Шавкат Мирзияевтің қатысуында өткен жиында айтылды.

Өзбекстан президенті баспасөз қызметі хабарлағандай, мемлекет басшысы аудиториясы 10 миллионнан асатын 50 шетелдік блогерлер үшін ақпараттық турлар ұйымдастыруды тапсырды.

Бұдан бөлек елде 1 қазанға дейін ұлттық туристік бренд туралы контент жасауға сынақ жариялайды. Бұл мақсат үшін 5 миллион доллар бөлінеді.

Министрліктер мен тиісті мекемелерге электрондық виза жүйесін жақсарту және туристерге ыңғайлы болу үшін мобилдік қосымшаларды жүзеге асыру тапсырылды.

Биыл шенеуніктер 11 миллион шетел турисін тартып, туризмнен түскен кірісті 2,5 млрд долларға дейін жеткізуді жоспарлаған.

XS
SM
MD
LG