Ссылки доступа

Жеке мәліметтерді қорғау агенттігі "хакер шабуылы" оқиғасына пікір білдірді


Жеке мәліметтерді қорғау бойынша мемлекеттік агенттік қырғызстандықтардың жеке мәліметі таралып кетті деген ақпарат бойынша пікір білдірді.

Мекеме бұл бойынша тексеру жүргізіп, басылымдарға жарияланған ақпарат шындыққа сәйкес келмейтінін жеткізді.

Мекеме 600 мың азаматқа тиесілі деген ақпаратты тексеріп шыққанын, олар "2020 жылы мемлекеттік салық қызметінің сервисінен шығып кеткен ақпаратқа ұқсайды" деді.

Мекеме соңғы кезде мемлекеттік органдардан жеке мәлімет тарап кеткені жөнінде фактілер болмағанын мәлімдеді.

Осының алдында Team Insane Pakistan деп аталатын хакерлік топ Телеграм-каналына 600 мыңнан астам қырғыз азаматының және компаниялардың жеке мәліметін ашық жариялаған.

Хакерлік топ мұның себебін "18 мамырға қараған түні шетел студенттеріне зорлық-зомбылық көрсеткен оқиғаға қарсылық ретінде жасалған әрекет" деп түсіндірді.

Team Insane Pakistan тобы жариялаған тізімдегі адамдардың аты-жөні Қырғызстанда қазір және бұрын мемлекетік қызмет атқарған адамдардың аты-жөніне ұқсайтын мәліметтер бар.

Мысалы, Жогорку Кеңеш төрағасы Нұрланбек Шакиевтің, Министрлер кабинеті төрағасының үш орынбасары Әділбек Касымалиевтің, Камчыбек Ташиевтің және Эдил Байсаловтың, салық қызметі төрағасы Алтынбек Абдуваповтың және бірқатар бұрынғы саясаткерлердің аты-жөніне дәл келетін тізімді көруге болады.

XS
SM
MD
LG