Ссылки доступа

Өзбекстан АҚШ президентінің Газа секторы бойынша ұсынысын қолдайды


Өзбекстан Газа секторындағы бейбітшілік пен тұрақтылыққа бағытталған оқ атуды тоқтату, кепілде отырған адамдарды босату жөніндегі жоспарын қолдайды.

Бұл жөнінде елдің сыртқы істер министрлігінің баспасөз хатшысы Ахрор Бурханов telegram-каналына жазды.

"Біз барлық тарапты сабырлыққа, халықаралық құқықты сыйлауға, зомбылықтың алдын алуға және әрі қарай соғысты болдырмауға шақырамыз", - деді ол.

Осыған дейін Өзбекстан Газа секторында 1,5 миллион доллар көмек бөлетінін мәлімдеген. Президент Шавкат Мирзияев палестин елінің өз мемлекетін құруға деген ниетін қолдаған.

АҚШ президенті Джо Байден Газада оқ атуды тоқтату бойынша үш кезеңнен тұратын жоспарын жариялаған.

XS
SM
MD
LG