Ссылки доступа

Қытай инвесторы «Нахш» тәжік компаниясын сотқа бермек


Қытай кәсіпкері Чжан Цюин
Қытай кәсіпкері Чжан Цюин

Қытай инвесторына тиесілі «Чин Зар» компаниясы мен тәжік кәсіпкерінің «Нахш» компаниясы дауласып жатыр.

Қытай кәсіпкері Чжан Цюин Тәжікстан сыртқы істер министрлігіне хат жолдап, оның Тәжікстандағы әріптесі «Нахш» 400 мың доллар төлеуден бас тартып жатқанын мәлімдеген.

«Нахш» атқарушы директоры Азаттықтың Тәжік қызметіне оның компаниясы уәделескен ақшаның жарымын төлегенін, бірақ кейін экономикалық қиындыққа тап болғанын, қарыздың қалғанын жақында қайтаратынын айтқан.

2016 жылы қытай кәсіпкері Шугнов алтын кенін игеру үшін «Нахш» компаниясына 3 млн доллар инвестиция салған. Қытай кәсіпкерінің айтуынша, «Нахш» компаниясының қожайыны Тәжікстан президентіне туыс болып келеді. Чжан Цюин 400 мың долларды төрт айдан бері қайтара алмай жүр. Екі компания арасындағы дауға Қытай және Тәжікстан биліктері де назар аударған.

XS
SM
MD
LG