Ссылки доступа

Ауғанстан Көштепа арнасының көмегімен 500 миллион доллар табыс табуды көздейді


Көштепа су арнасын іске қосу Ауғанстанға жыл сайын орташа есеппен 500 миллион доллар табыс әкеледі. Бұл туралы су ресурстарын басқару жөніндегі ауған сарапшысы Наджибулла Садид хабарлады.

«Көштепа мен оған көмекші су арналарының құрылысы аяқталған соң Ауғанстан жылда 470-550 миллион доллар табыс табады" дейді Садид.

Ауғанстан осы арнаның көмегімен елді бидаймен толық қамтамасыз ете алады, ел экономикасы ілгерілейді.

Даулы су арнасы құрылысының алғашқы кезеңі аяқталды. Бұған дейін хабарланғандай, су арнасын салып біткен уақытта Ауғанстан Әмудария суының 15 пайызын өзіне тартып ала алады. Сол кезде Өзбекстан мен Түркіменстан қиындыққа тап болады.

Көштепа су арнасының ұзындығы 285 км, ені 100 метр, тереңдігі шамамен 8,5 метр. Құрылыс бес жылға созылады. Көштепа құрылысы 2022 жылғы наурызда басталған. Тәліптер Көштепаның көмегімен Балх, Жаузжан және Фарьяб провинцияларында шамамен 500 мың гектар жерді суғаруды көздеп отыр.

XS
SM
MD
LG