Ссылки доступа

Бішкек әкімінің бұрынғы орынбасары ешқайда кетпеу жөніндегі қолхатпен босатылды


Бішкектің Бірінші май аудандық соты астана әкімінің бұрынғы орынбасары Мақсатбек Сазықұловқа қатысты бұлтартпас шарасын өзгертті. Бұл туралы Азаттыққа соттың баспасөз қызметі хабарлады.

Аудандық сот осындай шешімді 30 мамырда қабылдаған.

Сазықұловтың ұсталғаны сәуірдің ортасында мәлім болды. Сол кезде ҰҚМК күдіктіні қала орталығында коммерциялық нысандардың заңсыз құрылысын қолдады деп айыптаған.

Сазықұлов ұсталғанға дейін Бішкектің көлік және құрылыс салаларына басшылық еткен. Ол осы қызметке 2021 жылғы қыркүйекте тағайындалған.

XS
SM
MD
LG