Мұндай шешімді парламент депутаттары 6 маусымдағы отырысында қабылдап, бірден үш оқылымда мақұлдады. Құжатқа сәйкес, активтерді заңдастыру мерзімі 2024 жылдың 31 желтоқсанына дейін ұзартылады.
Сәуір айындағы мәліметке сәйкес, 2 139 адам декларация толтырып, активтерін заңдастырған. Оның ішінде 66 адамның мүлкінің бағасы 100 млн сомнан асып, 1 млн сом көлемінде бір реттік салық төлеген.
Президент Садыр Жапаров осыған дейін өзі де мүлкін заңдастырғанын айтқан. Ол Бішкектің Киев және Ибраимов көшелері қиылысындағы ғимараттың суретін жариялап, бұл және басқа ғимараттары бұрын басқа адамға жазылғанын, енді заң негізінде өзінің атына тіркегенін білдірген. Президент мүлік бағасын 20 миллион доллар шамасында деп бағалаған.