5 маусымда жолданған хатта Мавлоназаров билікті сынағаны үшін темір тордың артында отырғаны айтылады.
2022 жылы Мамадсултон Мавлоназаров (Мухаммади Султон) "Конституциялық құрылымды күшпен өзгертуге әрекеттенді деген айыппен жеті жылға сотталған.
"БҰҰ-ның негізсіз қамаулар бойынша жұмыс тобы Мавлоназаровтың қамалуы оның сөз еркіндігі құқығын, Азаматтық және саяси құқықтар жөніндегі халықаралық пакті және Адам құқықтарының жалпы декларациясын бұзған деген шешім шығарады деп үміттенеміз және ол босатылуы керек",- деп жазылған хатта.
Құқық қорғаушылар отставкадағы полковник 2022 жылдың мамыр айында Таулы Бадахшан автоном облысында болған оқиғалар туралы Фейсбукта жазған постары үшін сотталды деп есептейді.