Ссылки доступа

Өзбекстан мен Түркия 20 құжатқа қол қойды


Өзбекстан президенті Шавкат Мирзияев пен Түркия президенті Режеп Тайип Ердоған Анкарада Стратегиялық әріптестік кеңесінің үшінші отырысының нәтижесінде стратегиялық әріптестікті арттыру жөніндегі бірлескен декларацияға қол қойды.

Өзбекстан президенті баспасөз қызметінің хабарлауынша, мемлекет басшыларының қатысуымен 19 құжатқа қол қою рәсімі өтті.

Құжаттардың арасында ғылым, жоғары технология, аймақтарды дамыту, ғарыш, ауыл шаруашылығы, энергетика, мәдениет және басқа да салалардағы әріптестік жөніндегі келісімдер бар.

Шавкат Мирзияевтің Анкараға сапары барысында 10 млрд доллардың жаңа инвестициялық жобалары түзілді.

Шавкат Мирзияев пен Режеп Ердоған өзбек-түрік іскерлері кеңесінің алғашқы отырысын да өткізді.

XS
SM
MD
LG