Ссылки доступа

Өзбекстан билігі Қазақстанда жүрген азаматтарын мигранттарды тексеру жүріп жатқанын ескертті


Өзбекстан сыртқы еңбек миграциясы жөніндегі агенттігі Қазақстанда жұмыс істейтін азаматтарын жаппай тексеру жүріп жатқанын ескертті.

Агенттік мәліметінше, 3 маусымда Қазақстанның барлық өңірінде көші-қон заңдарын бұзғандарды анықтауды көздейтін жаппай тексеру жүріп жатыр.

«Осы рейдтер барысында ел аумағында жүріп-тұру, еңбек миграциясы тәртібін бұзғандарға шара қолданылады» деп хабарлады агенттік.

Алматы, Астана, Шымкент, сонымен бірге Маңғыстау облысында көші-қон заңы жиі бұзылатыны айтылды. Соған байланысты көрші елде жүрген өзбек азаматтарына көші-қон тәртіптерін сақтауға кеңес берілді.

Мекеменің хабарлауынша, Өзбекстан азаматтары Қазақстан аумағында 30 күнге дейін ешқандай тіркеусіз еркін жүре алады, алайда осы уақыт кезінде оларға жұмыс істеуге болмайды.

Жергілікті баспасөз Алматыда заңсыз жүрген 27 өзбек азаматының ұсталғанын хабарлады.

Дәл осындай жаппай тексеру Қырғызстанда да жүріп жатыр.

XS
SM
MD
LG