Ссылки доступа

Өзбекстанда алимент төлемей жүрген 2 500-ден астам адам жауапқа тартылды


Өзбекстанда 2024 жылдың бірінші тоқсанында алимент төлемей жүрген 2 593 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Бұл туралы елдің Жоғарғы сотының баспасөз хатшысы Азиз Абидов мәлімдеді.

Оның сөзінше, көрсетілген мерзім аралығында алимент төлемей келген 35 адамға айыппұл салынып, 2 558 адам әкімшілік қамауға (үш тәуліктен 30 тәулікке дейін) алынды.

"Мысал ретінде айтсам, Әндіжан облысында алимент бойынша қарызы бар бес адамның ісі қаралды. Олардың бірінде 23,9 миллион сум (1,9 мың доллар), екіншісінде 16 миллион сум (1,2 мың доллар) қарызы болған. Жалпы үш адамды 15 тәулікке әкімшілік қамауға алу жөнінде шешім шықты", - деді Абидов.

Ақпаратқа қарағанда, былтыр елде алимент төлемей жүрген 8 517 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылған.

Оның 160-на айыппұл салынса, 8 357 адам әкімшілік қамауға алынған.

Жалпы 2023 жылдан бүгінгі күнге дейін Өзбекстанда алимент бойынша қарызы бар 11 мыңнан астам адам жауапкершілікке тартылған.

XS
SM
MD
LG