Ссылки доступа

Атырауда өзбек азаматтары бар көлік өртенді


Атырау облысында өзбек азаматтары отырған Lada Largus маркалы көлік өртеніп кетті. Бұл жөнінде Өзбекстанның Қазақстандағы елшілігі хабарлады.

Ақпаратқа қарағанда, апат 8 маусым күні Атырау – Актөбе трассасында болған.

Ресейден Өзбекстанға бет алған өзбек нөмірлі көліктен өрт шығып, бір сағат дегенде толық өшірілген.

Көліктің ішінде Өзбекстанның үш азаматы болған. Екеуі жарақат алып, ауруханаға түскен.

XS
SM
MD
LG