Саудагерлердің айтуынша, олар касса аппараттарын қолдануға қарсы емес, бірақ электронды салық есептерін алып тастауды талап етіп отыр. Себебі мұндай жүйені қолдану үшін бухгалтер жалдауға тура келеді. Саудагерлер маман жалдауды қосымша шығын деп есептейді.
Бұның алдында, 6 маусымда Қырғызстан президенті Садыр Жапаров бизнес өкілдерімен кездесіп, салық жүйесін реформалау мәселесін қалқылаған. Кездесуде Жапаров салық жүйесін цифрлау қара экономиканы төмендету, мемлекет пен кәсіпкерлердің өзара сенімін нығайту, сонымен бірге елдің инвестициялық әлеуетін көтеру үшін қажет деп мәлімдеген.
Осы кездесуде электронды салық есебін өткізбегендерге салынатын айыппұл 2025 жылғы 1 қаңтарға қалғаны мәлім болды.
Қырғызстанда түрлі базарлардың саудагерлері 2023 жылғы желтоқсанда қайта-қайта жаңа салық саясатына қарсы наразылық акцияларын өткізген. «Дордойдағы» осындай митингілердің біріне шыққан саудагерлермен кездескен Садыр Жапаров касса аппараттарын қолдану мерзімі 2024 жылдың 1 шілдесіне шегерілгенін мәлімдеген.