Ссылки доступа

Ташкентте қылмыс әлемінің 29 мүшесіне қарсы сот отырысы басталады


11 маусымда Ташкент қаласы Юнусабад аудандық сотында қылмыс әлемінің белсендісі Саидазиз Саидалиевке қатысты сот процесі басталады.

Бұл жөнінде елдің Жоғарғы сотының баспасөз қызметі хабарлады. Былтыр желтоқсан айының соңында Саидазиз Саидалиев пен бірнеше азамат ұсталған. Жалпы сот процесінде айыпталушылардың саны - 29 адам.

Оларға қарсы Өзбекстанның Қылмыстық кодексінің "адам өміріне азаптау арқылы қауіп төндіру, алаяқтық, бопсалау, кеден заңдарын бұзу, жалған құжаттар әзірлеу, көлеңкелі ақшаны заңдастыру" секілді баптары бойынша айып тағылып жатыр.

Қазір 28 адам тергеу абақтысында отыр, тек бір адамды ғана үйқамаққа шығарды.

Шілде айының басында қылмыс әлемінің тағы бір белсендісі Бахтиёр Кудратуллаевке қатысты сот отырысы басталған.

XS
SM
MD
LG