Ссылки доступа

Telegram каналының негізін қалаушы жазда Орталық Азияға келмек


Павел Дуров
Павел Дуров

Telegram каналының негізін қалаушы Павел Дуров өзінің каналында осы жазда Орталық Азияға баратынын айтты.

"Мен Telegram каналының бас директоры ретінде демалыс алмаймын. Оның орнына мен қолданушылармен әртүрлі форматта кездесіп, жұмысты жалғастыра беремін. Осы жазда Орталық Азияға баруды шештім. Ондағы өмір қандай, нені қалайды, қолданушылардың жалпы саны жөнінде білгім келеді", - деп жазды ол.

Павел Дуров дәл қай уақытта екенін жазбады.

Павел Дуров қазір Дубайда тұрады. Оның Ресей, Франция, Бірікке араб әмірлігі елдерінің азаматтығы бар. Сонымен бірге Сент-Китс және Невис елдерінің де азаматы болып саналады. Ол Forbes бойынша 15,5 млрд доллар дәулетімен 122-орында тұр.

XS
SM
MD
LG