Ссылки доступа

Бір отбасының 22 мүшесінің өлімі. Үкім өзгерді


Тәжікстанда Хатлон облысының соты бұрынғы Халықтық майдан командирінің оққағары болған Юсуфа (Журабек) Салиховті бір отбасының 22 мүшесін өлтірді деген айыппен 15 жылға бас бостандығынан айырды.

Бұл қанды оқиға 1992 жылдың 14 қазанында Сарбанд ауылы, Гозималик елді-мекенінде орын алған.

Жәбірленушілердің бірі Гулбону Назарова Озоди радиосына сот отырысының екі апта бұрын аяқталғанын жеткізді. Сот алдыңғы 12 жыл, рақымшылық заңы бойынша 8 жыл алған түрме жазасын өзгерткен.

Хатлон облысының прокуратурасы бұл жазаны жұмсақ деп танып, қайта арыз түсірген.

Юсуф Салихов былтыр шілде айында Ресейде ұсталып, Тәжікстанға экстрадицияланды.

"Тергеу мәліметі бойынша, 1992 жылдың 14 қазанында Сарбанд ауылында Калашников автоматымен бір үйдің мүлкін тонау үшін онда тұрып жатқан барлық отбасы мүшелерін өлтірген. Кейін олардың денелерін өлтірген", - делінген бас прокуратура мәлімдемесінде.

XS
SM
MD
LG