Ссылки доступа

Қырғызстан арнайы қызметі жаппай тәртіпсіздікке үндеді деген күдікпен екі азаматтың ұсталғанын хабарлады


Қырғызстан ұлттық қауіпсіздік жөніндегі мемлекеттік комитетінің хабарлауынша, Ыстықкөл облысында екі азамат жергілікті жаруаларды жаппай тәртіпсіздік ұйымдастыруға шақырған.

Бұл туралы 10 маусымда ҰҚМК баспасөз қызметі хабарлады.

Арнайы қызмет мәліметінше, О.Ж.А. және М.Б.А. есімді азаматтар WhatsApp мессенджерімен жаппай тәртіпіздік жасау, жолды жабу, сүт таситын көлікті кепілге алу туралы үндеулер таратқан. Олар жаз маусымында сүт бағасының тым арзандап кеткеніне наразы болған.

Комитеттің хабарлауынша, сот сараптамасы екі күдікті таратқан аудиода «жаппай тәртіпсіздік ұйымдастыру белгілері барын» анықтаған. Арнайы қызмет соған байланысты қылмыстық іс қозғаған.

XS
SM
MD
LG