Мақала авторлары шекарашылардың журналистерге көрсеткен құжатына сүйенген.
«Меморандумға сәйкес, Грузия, Молдова, Қырғызстан, Ресей, Тәжікстан және Өзбекстанның ересек мигранттары ғана АҚШ-тан бірден шығарылады» деп жазды басылым.
Заңсыз мигранттардың қалғаны олардың ісі жөніндегі сот өткенше АҚШ аумағында қала береді.
Шекарашылардың журналистерге айтуынша, жаңадан қабылданған шара заңсыз мигранттарды тоқтатар емес. Олар әлі де өте көп. Шекара қызметінің The Post тілшісімен сөйлескен агенттері жаңа жарлық «тым кеш қабылданды» деп есептейтінін айтқан.
5 маусымда АҚШ әкімшілігі заңсыз мигранттарға АҚШ-та баспана іздеуге тыйым салғаны мәлім болды. Ақ үй заңсыз мигранттар көші көбейіп бара жатқанына байланысты осындай шешім қабылдаған.