Ссылки доступа

Эмомали Рахмон: 2037 жылға қарай Тәжікстан «жасыл елге» айналады


Тәжікстан билігі 2032 жылға қарай электр энергиясын толықтай «жасыл энергия» ресурсы есебімен өндіруді көздейді. Бұл туралы ел президенті Эмомали Рахмон 11 маусымда Душанбеде халықаралық су конференциясының ашылу салтанатында мәлімдеді.

Қазір Тәжікстанда электр энергиясының 98 пайыздан астамы елдің су ресурстары есебімен өндіріліп отыр.

«Тағы бір мақсат – Тәжікстанды 2037 жылға қарай «жасыл елге» айналдыру» деп мәлімдеді Рахмон. Мемлекет басшысы алдағы 16 жыл бойы 2 млрд ағаш отырғызу бастамасын көтерді.

Душанбедегі конференцияда Рахмон әлемде су тапшылығы мәселесіне көбірек тоқталды. Ресми мәлімет бойынша, қазір Тәжікстанның ауылдағы тұрғындарының 40 пайызы ғана ауыз сумен қамтылған. Республика тұрғындарының 70 пайыздан астамы ауылда тұрады.

Халықаралық су конференциясына 2 мыңнан астам адам қатысып жатыр. Форум 13 маусымда аяқталады.

XS
SM
MD
LG