Ссылки доступа

Ислам даму банкі Рогун ГЭС-і құрылысына 150 млн доллар бөледі


Ислам даму банкі Тәжікстанда Рогун ГЭС-ін салуға 150 млн доллар бөледі.

Бұл жөнінде 11 маусымда Душанбеде өткен су мәселесі бойынша конференцияда Ислам даму банкінің президенті Мұхаммад Сүлейман әл-Жассер мәлімдеді.

Ол Рогун ГЭС-нің құрылысы тек Тәжікстанды ғана емес, Орталық Азияның өзге елдерін де электр энергиясымен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

Ислам даму банкі Рогун ГЭС-ін қаржыландыруға ниетті деген ақпарат биылғы жылдың сәуір айында шыққан. Бүгінгі күні мұнда тек екі агрегат ғана іске қосылған. Толық аяқталу үшін көп қаржы керек.

Рогун ГЭС-і құрылысы СССР кезінде басталған. Бірақ Тәжікстанда болған азаматтық соғыс құрылысты ұзақ жылдарға шегеріп тастады.

Нысанның құрылысын қазір италиялық Salini Impregilo SpA фирмасы салып жатыр. Станцияның қалған агрегатын 2029 жылы салып бітіру жоспарланған.

XS
SM
MD
LG