Ссылки доступа

Өзбекстанда сәбиін екі жыл қатарынан жәбірлеп келген анаға үкім шықты


Бұхара облысы Шафиркан аудандық соты екі жыл бойы сәбиін жәбірлеп келген анаға үш жыл түрме жазасын берді. Бұл жөнінде балалар омбудсмені Сурайё Рахмонова мәлімдеді.

Қаңтар айында балалар омбудсмені С. Н. деген ананың алты жасар баланы бесікке байлап, таяқпен ұрғаны түсірілген видео хабарлама алғанын мәлімдеген.

Істі тергеу барысында қылмыстық элементтер көрген. Баланы "Инсон" әлеуметтік қорғау орталығына өткізген. Бұл орталық сотталушыны ана құқығынан айыру мәселесін қарастырып жатыр. Балалар омбудсмені алты жастағы баланың жағдайы толық қадағалауда деп мәлімдеді.

XS
SM
MD
LG