Бұл туралы Азаттықтың Қырғыз қызметі хабарлады.
Саудагерлер электронды салық есебін тапсыруға қарсы. Наразылық акциясына жиналғандар арасында касса аппараттарын пайдаланғысы келмейтіндер де бар. Тілші мәліметінше, жиналғандармен салық қызметінің өкілі кездесіп, жаңа саясатты түсіндіруге тырысқан.
«Дордой Диқан» және Ош базарларының саудагерлері бірнеше күн бойы наразылық акциясын өткізіп жүр. Олар осындай акцияны 10 және 11 маусымда да ұйымдастырған.
Бұның алдында, 6 маусымда президент Садыр Жапаров кәсіпкерлермен кездесіп, жаңа салық саясатын түсіндірген. Ол салық органдарының қызметін цифрлау қара экономика үлесін азайтуға көмектеседі деп мәлімдеген.