Күдіктілерге айыппұл салынады немесе олардың бас бостандығын бір жылдан үш жылға дейін шектейді.
Ресми мәліметке қарағанда, Гиссарак су қоймасындағы бөгетте апат болған, бірақ бөгет қатты зардап шекпеген. Төтенше жағдайдар жөніндегі министрлік жағдайды бақылауда ұстап отырғанын хабарлаған.
Алайда жергілікті халық биліктің ресми мәліметіне сенбей, су қоймасына жақын маңдағы ауылдардан қаша бастаған. Соның салдарынан жолдарда тығын пайда болған.
Артынша жергілікті әкімшілік те, министрлік те Гиссарак су қоймасында ешқандай апат болмағанын хабарлаған.
Азаттықтың Өзбек қызметінің тәуелсіз екі дереккөзі су қоймасында шынымен техногенді апат болғанын растап отыр.
«Кеше әкім мақта алқабына су жібердік деп өтірік айтты. Гиссарак су қоймасынан осы ауданға ешқашан су түсірген емес. Халық дүрлікпесін деп алдай салған. Мұнда қытайлар Гиссарак су қоймасынан су алу мақсатында тағы бір арна қазып жатқан. Құрылыс кезінде олар жартастарды бірнеше мәрте жарған. Сол кезде бөгет бетоны жарылып, су жырылған. Ол жер уақытша бітелген. Толық жабу үшін үш-төрт күн қажет. Қазір шенеуніктердің бәрі сонда жүр» дейді дереккөздердің бірі.