45 жастағы Өзбекстан азаматы шамамен 10 маусымда Үндістанның Газиабад қаласындағы психикалық ауруханада өзіне қол жұмсаған деп хабарлайды Нindustantimes басылымы.
Полиция мәліметінше, марқұм ауруханада күйеуімен бірге жатқан.
"Екеуі де ауруханада жатты. Әйелге бауыр ауруы диагнозы қойылған. Күндіз әйелі жуынуға кіріп, содан ұзақ уақыт шықпай қойған. Күйеуі мазасызданып, жуынатын бөлменің есігін ашпақ болғанда, іштей жабылғанын байқаған", - дейді полиция комиссарының көмекшісі.
Аурухана қызметкерлері есікті ашқанда, әйелдің өлі денесі табылған.
Олар 5 мамырда күйеуі, баласымен бірге Үндістанға барған.
"Ол ауруханаға 6 мамырда жатты. 8 мамырда бауыр ауыстыруға дайындық өткен соң, ауруханадан шыққан. 24 мамырда қайтадан ауруханаға жатқан, 25 мамырда бауырын ауыстырған. Оның ұлы жарты бауырын анасына беріп, 6 маусымда Өзбекстанға кеткен", - деп хабарлады ауруханадан.
Аурухана қызметкерлері оның жағдайы жақсарып келе жатқанын айтып, екі күннен соң үйіне қайтуы керек болған дейді.