Олардың арасында қазақстандық, Петропавловскіде 2022 жылдың 13 мамырында тіркелген "КБР-Технологиялар" компаниясы бар.
Биыл ақпан айында бұл компанияның қызметі жайлы ресейлік "Верстка" басылымы жазған. Зерттеу материалында "КБР-Технологиялар" санкцияға ілінген ресейлік "ОСТЕК" компаниясына шетел заттарын импорттаумен айналысқан.
"2023 жылдың тамыз айында беларустың "Тефида" компаниясы қазақстандық "КБР-Технологиялар" компаниясының тапсырысымен "ОСТЕК" фирмасына және онымен байланысы бар компанияларға 5 миллион долларға электрондық компоненттер жеткізіп отырған. Онда немістің ERSA, чехиялық PBT, сингапурлық NUTEK компанияларының тауарлары болған", - деп жазылған зерттеу материалында.
Бұдан бөлек Қытай, Түркия, Қырғызстан, Болгария, Сербия, Оңтүстік Африка, Біріккен Араб әмірлігі, Беларусь және Британ Виргин аралдарындағы компанияларға санкция салынды.
"Біз Ресейдің әскери экономикасына көмектесіп жатқан қаржы мекемелері үшін қауіпті арттырамыз. Осылайша Ресейге шетел технологияларына және IT қызметке қол жетімдіктің жолын кесіп отырамыз", – делінген АҚШ қаржы министрлігінің мәлімдемесінде.
Биыл Америка билігі осымен екі рет Ресей компанияларына және оған көмектесіп жатқан елдерге екі рет санкция енгізді. Мамыр айында 250 жеке және заңды тұлғаға санкция енгізілген болатын.
Ал ақпан айында 500 жеке және заңды тұлғаға тыйым салынған.