Ссылки доступа

Қырғызстанда самокатпен жол ережесін бұзатындарға айыппұл салынады


Қырғыз президенті Садыр Жапаров "Жол қозғалысы ережелері жөніндегі" заңға өзгерістер мен түзетулер енгізу жөніндегі заңға қол қойды.

Бұдан былай аталған заңға сәйкес, электросамокат, электроскейтборд, гироскутермен жол ережесін бұзатындарға айыппұл салынады.

Жол ережесін бұзғандарға 1000 сом, ал мас күйінде жүргізгендерге 3000 сом көлемінде айыппұл салынады.

Соңғы жылдары Бішкекте электросамокаттарды жалға беретін бекеттер көбейіп кеткендіктен депутаттар осы мәселені көтерген.

XS
SM
MD
LG