Юсупов бір жыл бойы әкімшілік бақылауда болады.
Бұл туралы мәлімет таратқан «Орталық Азиядағы адам құқықтары» қауымдастығының хабарлауынша, Юсупов әділетсіз соттың құрбаны болған.
Халықаралық ұйымдардың көбісі Өзбекстан билігінен Қодиржон Юсуповты босатуды сұраған.
Юсупов кезінде Өзбекстанның Австриядағы, Ұлыбританиядағы, Судандағы және Таяу Шығыс елдеріндегі елшіліктерде істеген. Ол 2018 жылғы 3 желтоқсанда Ташент метросының «Пушкин» станциясында пойыз астына түскен, бірақ аман қалған. Оны Ташкент қалалық ауруханасына жеткізген.
Содан кейін басынан қатты жараланған Қодиржон Юсупов «батыс тыңшысымен» деп айта бастаған. Ұлттық қауіпсіздік қызметі экс-дипломаттың ауруханада айтқан сандырағы негізінде қылмыстық іс қозғаған.
Қодиржон Юсупов тергеу кезінде қысым жасалғанын, емделуге мүмкіндік бермегенін айтқан, алайда Өзбекстан билігі оның шағымын негізсіз деп тапқан.
Өзбекстан Жоғарғы соты 2020 жылғы 9 қаңтарда бұрынғы дипломатты 5.5 жылға соттаған.