Ссылки доступа

Өзбекстан: Asia Alliance Bank Ресей резиденттерімен валюталық операцияларды тоқтатты


Өзбекстанның Asia Alliance Bank банкі Ресейдің резиденттерімен барлық валюталық операцияларды тоқтатты. Бұл жөнінде 13 маусымда банктің Telegram-каналына жарияланып, бірақ көп өтпей қайта өшірілген.

"АҚШ-тың жаңа санкцияларына байланысты Ресейдің резиденттеріне байланысы бар барлық валюталық операциялар уақытша тоқтатылды", - деп жазылған банктің алғашқы мәлімдемесінде.

Asia Alliance Bank бұл мәлімдемесін не себептен өшіріп тастағанының себебін айтпады.

АҚШ-тың қаржы министрлігі 12 маусымда Ресейдің бірқатар қаржы институттарына санкция салған.

Оған сәйкес, Мәскеу биржасы, Ресейдің Ұлттық клиринг орталығы және Ұлттық есептеу депозитариі Вашингтонның қара тізіміне енген. Бұл мекемелермен қызметтесетін шетелдік банктер де санкцияға кіретіні ескертілген.

XS
SM
MD
LG