Ссылки доступа

Тәжікстанда блогер отбасындағы зомбылықты айтқаннан кейін, күйеуі қамауға алынды


Душанбе қалалық ішкі істер басқармасы отбасылық зомбылыққа даттанған белгілі тәжік блогері Рухшона Рахматуллоеваның күйеуі қамалғанын мәлімдеді.

Инстаграм желісінде Sofi деген атпен белгілі Рухшона Рахматуллоева 12 маусымда көптен бері қайталанып келе жатқан күйеуінің соққысынан кейін үйінен қашып кеткенін мәлімдеген.

"Күйеуім үнемі өлтірем деп қорқытып, асханаға қамап ұстайды. Мұндай адамдар үшін заң бар ма? Үнемі жанжалдан балаларым психологиялық тұрғыдан зардап шегіп жатыр", - деп жазылған желіде жазған постында. Онда күйеуінің айқайлап жатқан видеосын жариялаған.

13 маусымда Душанбе қалалық ішкі істер басқармасы Рахматуллоеваның шағымынан кейін тексеру жүріп, 34 жастағы күйеуі Умед Рахматуллоев қамалғанын мәлімдеді. Ол жеті тәулікке қамалған.

XS
SM
MD
LG