"Қазақстанға экстремизмге және терроризмге қатысы бар 151 шетелдік азамат кіргізілмеді. Бұдан бөлек елде тыйым салынған діни әдебиеттерді алып кіргені үшін 19 шетел азаматы жауапкершілікке тартылды", - деп жазылған мекеме мәліметінде.
12 маусымда ҰҚК төрағасы Ермек Сағымбаевтың жетекшілігімен Қазақстанның Антитеррористік орталығының кезекті отырысы өтті.
1 сәуірде арнайы қызмет бір терактің алдын алынғанын хабарлаған. Ондағы мәліметке сәйкес, Ақтау қаласында терроризм актісін жасамақ болды деген күдікпен бір адам қамауға алынған. Ол адам осыған дейін адам өлтіргені үшін сотталған және "радикалды діни идеологияға тартылған" деп жазылған.