Ссылки доступа

Өзбекстандықтар ұшақ сүйреуден Гиннестің рекордтар кітабына енеді (видео)


Өзбекстан бодибилдинг және фитнес федерациясының командасы салмағы 13,5 тонна болатын Silk Avia ATR 72-600 лайнерін 100 метрге 46,7 секундте сүйреп апарып, әлем рекордын жаңартты.

Рекорд 2024 жылғы 15 мамырда Ташкент халықаралық әуежайында жаңартылды.

Осы шараға Гиннестің рекордтар кітабының комиссары Мбали Масечаба Нкоси де қатысты.

Команда нәтижесі алғашқы талпынғанда-ақ жаңартты. Гиннес кітабына ену үшін олар лайнерді жүз метрге 60 секундте сүйреп апаруы керек болған. Жаттығу кезінде спортшылар әртүрлі нәтиже көрсеткен, бірақ олар 15 мамырда ең үздік көрсеткіш тіркеген.

XS
SM
MD
LG