Қайғылы оқиға 13 маусымда Аягөз гарнизонындағы әскери бөлімдердің біріндегі жаттығу кезінде болған. Министрлік нақты қай әскери бөлім екенін хабарламады, бірақ жаттығу барысында «қауіпсіздік шаралары сақталмағанын» мәлімдеді.
Сарбаз ауыр жарақаттан қайтыс болған.
Осы оқиғаға байланысты тексеру жүріп жатыр. Қылмыстық іс қозғалды.
«Кінәлі адамдар мен лауазым иелері тиісті жазасын алады» деп хабарлады қорғаныс министрлігі.
Кейінгі жылдары Қазақстанда армияда сарбаз өліміне қатысты мәліметтер жиі тарап жүр. Әскери мекемелер көбіне қайғылы жағдайларды жазатайым оқиға деп көрсетуге тырысады. Алайда марқұмдардың туыстары ресми мәліметке сене бермейді.