24 маусымда басталатын бұл зерттеуде елдің барлық аймағы қамтылады. Оған кездейсоқ таңдалған отбасының 5 жастан 17 жасқа дейінгі балалар және 18 жастан жоғары азаматтар қатысады.
Денсаулық сақтау министрлігінің арнайы командасы үйлерді аралап, сұрақ-жауап жүргізіп, адамдардан анализ алады.
Ресми статистикаға сәйкес, соңғы жылдары ВИЧ-ті жыныстық қатынас арқылы жұққызғандар саны көбейген. Мәселен, былтыр 1006 жағдай анықталса, оның 824-і жыныстық қатынас арқылы жұққан.
2023 жылдың 1 желтоқсанындағы мәлімет бойынша ВИЧ жұқтырғандар саны 13030 адамға жеткен. Олардың 12 272 қығызстандық, қалғаны шетел азаматы. Ресми тіркеуге алынғандардың 3233-і қайтыс болған.