Бұл туралы «Қырғыз темір жолы» компаниясының бас директоры Азамат Сәкиев парламент комитетінің 18 маусымдағы жиналысында хабарлады.
Оның айтуынша, жобаның жалпы құны - 4,7 млрд доллар. Қаржының жартысын - 2 млрд 350 млн доллар – Бірлескен жобалау компаниясы несие түрінде алады. Осы компанияға Қырғызстан, Өзбекстан және Қытай өкілдері кіреді.
«Қаржының жартысын қытай жағы барлық тараптарға несие түрінде береді. Жартысын әр тарап өз қалтасынан шығарады» деп түсіндірді Сәкиев. Сонда Қырғызстан үлесі шамамен 700 млн доллар болады.
Сәкиев несие қаншай пайызға алынатыны әзірге белгісіз екенін айтты. Қырғыз үкіметі қазір Қытайдың екі банкімен келіссөз жүргізіп жатыр.
Осының алдында Қырғызстан, Өзбекстан және Қытай арасында Бірлескен жобалау компаниясы құрылғаны мәлім болған. Жогорку Кеңешке түскен келісімге қарағанда, компания үлесінің 51 пайызына Қытай иелік етсе, Қырғызстан мен Өзбекстан 24,5 пайыз үлесті иемденеді.
Қытай – Қырғызстан – Өзбекстан темір жолы құрылысын жүзеге асыру жөніндегі келісімге 6 маусымда Пекинде ол қойылған. Темір жол құрылысы биыл тамызда басталады.