Ссылки доступа

Петербургте өзбек мигранты әйелін алтыншы қабаттан лақтырып жіберді


17 маусымда Санкт-Петербургтегі көп қабатты үйлердің бірінде өзбек мигранты қызғаныштан әйелін алтыншы қабаттан лақтырып жіберді. Бұл туралы «Комсомольская правда» басылымы хабарлады.

Мәліметтерге қарағанда, Өзбекстанның 34 жастағы азаматы 27 жастағы әйелімен ұрсып қалған. Қызғаныштан туған кикілжің ерлі-зайыптылар арасында жанжалға ұласып, еңбек мигранты әйелін алтыншы қабаттағы пәтердің терезесінен лақтырып жіберген.

Хал үстінде жатқан әйелді куәгерлер ауруханаға жеткізген. Дәрігерлер қанша талпынғанымен, жәбірленуші бірнеше сағаттан соң жан тапсырған.

Күдікті ұсталып, тергеу изоляторына қамалды. Қылмыстық іс қозғалды.

XS
SM
MD
LG