Ссылки доступа

Наманганда төрт баланың анасы өзін өртеді


Өзбекстанның шығысындағы Наманган облысында төрт баланың анасы үстіне бензин құйып, өзін өртеді. Бұл туралы республиканың бас прокуратурасы хабарлады.

Оқиға 10 маусымда Жаңақорған ауданындағы жекеменшік үйлердің бірінің ауласында болған. Мәліметтерге қарағанда, төрт баласы бар 28 жастағы әйелдің осындай әрекетке баруына отбасындағы жанжал себеп болған.

Денесі қатты күйіп қалған әйел көп ұзамай жан тапсырды.

Бас прокуратура мәліметінше, «өзіне қол салуға дейін жеткізу» бабы негізінде қылмыстық іс қозғалды.

XS
SM
MD
LG