Ссылки доступа

Тәжік спортшылары БРИКС ойындарында үш қола алды


Тәжікстан спортшылары Қазан қаласында өтіп жатқан бесінші БРИКС (BRICS Sports Games 2024) ойындарында үш қола жүлде алды.

Тәжікстан самбо федерациясының бас хатшысы Махмуд Абдуллоевтың айтуынша, жүлде алған атлеттердің үшеуі де самбошы.

«Сорбон Латифов, Деваштич Убайди және Зафар Олимшоев самбодан халықаралық жарыста қола жүлдегер атанды» дейді Абдуллоев.

12 маусымда ашылған БРИКС ойындары 23 маусымда аяқталады. Ұйымдастырушылар халықаралық турнирге әлемнің 90 елінен 4 мыңға жуық спортшы қатысады деп жариялаған. Алайда бақылаушылар көптеген елдің атлеттері Қазанға келмегенін атап өткен.

Тәжікстан ұлттық құрамасында 85 атлет спорттың 14 түрі бойынша жарысады.

XS
SM
MD
LG