Ссылки доступа

Немере қарындастарын зорлап келген деген күдікпен ер адам ұсталды


Қазақстанда немере қарындастарын зорлап келген деген күдікпен ер адам ұсталды. Бұл жөнінде балалар омбудсменінің баспасөз қызметі хабарлады.

Балалар құқығын қорғайтын мекемеге 6 маусым күні өзбекстандық 24 жастағы келіншек 12 және 17 жастағы туыстарын Қазақстандағы туыс ағасы зорлағанын айтып шағымданған.

Өзбекстан мен Қазақстан бірлесіп шұғыл шара өткізіп, 8 маусымда қыздарды туыс ағасының үйінен алып кеткен. Ал ер адамға қатысты Қылмыстық кодекстің 121-бабы бойынша іс қозғалған.

Қазір қыздарды Өзбекстанға қайтару мәселесі қаралып жатыр.

XS
SM
MD
LG