Ссылки доступа

Қырғыз президенті жеке куәлікті ауыстыратындарға тегін акция жариялады


Қырғыз президенті Садыр Жапаров жеке куәлікті, яғни ID-картаны жаңартықысы келетіндерге тегін акция жариялайтынын мәлімдеді.

Акция 1 шілдеде басталып, 31 тамызға дейін созылады.

"Қазір төлқұжат, ID-картаны өзіміз шығарамыз. Осыған дейін шетел азаматтарына қырғыз паспортын беріп жатыр деген шу көтерілді. Өкінішке қарай, мұндай жағдайлар кездесті", — деді қырғыз президенті.

Оның сөзінше, әрі қарай "жалған төлқұжат", "жалған ID-карта" деген ұғым болмайды. Себебі қазір шығарылатын құжаттардың көшірмесін жасау мүмкін емес.

Ол цифрлық даму министрлініне 1 шілдеге дейін дайын болу жөнінде тапсырма берді. Акция аяқталғаннан кейін, жеке куәлікті жасату 600 сом болады.

XS
SM
MD
LG