Ссылки доступа

Түркістанда балаларын өлтірді деген әйелге сот үкімі шықты


Түркістан облысының қылмыстық істер жөніндегі арнайы мамандандырылған ауданаралық соты кішкентай балаларын өлтірді деген 31 жастағы әйелді 15 жылға бас бостандығынан айыру жөнінде үкім шығарды.

Жәбірленуші тарап, марқұм балалардың әкесі сот үкімімен келіспейтінін білдіріп, апелляциялық шағым түсіретінін айтты.

Сотталушы Қызылорда облысы Шиелі ауданының тұрғыны болған, мектепте бастауыш сыныпта сабақ берген.

Тергеу мәліметіне сәйкес, биыл 7 ақпанда түнде Түркістанда жалған алған пәтерінде бес жастағы ұлын және төрт жастағы қызын өлтірген. Ол келесі күні қонақ үйлердің бірінде ұсталған.

Сотталушы сот залында кінәсін мойындады.

XS
SM
MD
LG