Ссылки доступа

Өзбекстанда жерлесін Американың орнына Африкаға жіберген адам ұсталды


Өзбекстанның Жызақ облысында жергілікті тұрғынды АҚШ-қа жұмысқа жіберем деп, бірақ Оңтүстік Африкаға жөнелткен адам ұсталды. Бұл жөнінде облыстық ішкі істер басқармасы хабарлады.

Мекеме мәліметіне қарағанда, құқық қорғау органдарына тиісті арызбен Хайробод ауылының И.М. атты тұрғыны қайрылған. Ол А.Я. атты адам 14,3 мың доллар алып, ұлын АҚШ-қа жұмысқа тұрғызуға уәде беріп, бірақ Оңтүстік Африкаға жібергенін айтқан. Ұлы Африкадан келе алмай, ал А.Я. жағдайды түзеу үшін тағы 6700 доллар талап еткен. Ол осы соманы беріп жатқанда ұсталған.

Мамыр айының аяғында АҚШ президенті Мексикамен шекара арқылы келетін мигранттар ағымын реттеуге бағытталған жарлыққа қол қойған. Оған сәйкес, шекарадан заңсыз өткендер Америкадан баспана сұрап, қайрыла алмайды.

2023 жылдың 1 қазанынан 2024 жылдың мамыр айына дейін 57 200 мигрант АҚШ-тың оңтүстік шекараларына заңсыз кірген. Олардың арасында 2 900 өзбек азаматы бар.

XS
SM
MD
LG