Мекеменің баспасөз қызметі 20 маусымда таратқан мәліметке сәйкес, аталған кәсіпкердің Новопавловка ауылында жайғасқан тігін цехында тексеру жүргізілген. Онда Оңтүстік Азиядан келген 30 шетел азаматы жұмыс істеп жатқаны анықталған.
"Аталған адамдарды Ж.А. алдап жұмысқа тартып, міндеттемесін бұзып, көп пайда табу мақсатында оларды эксплуатациялап, уәде еткен еңбекақысын берген емес. Бұдан бөлек ол жергілікті милиция қызметкерімен сөз байласып, шетелдіктердің төлқұжатын тартып алған. Милиционер оларды Қырғызстанда заңсыз жүргені үшін түрмеге қамаймын деп қорқытып тұрған" деп жазылған мәліметте.
Кәсіпкер мен милиция қызметкері қамауға алынған.