"Бұл BOT (BOT – Build – Operate – Transfer, КЭӨ – құрылыс – эксплуатация – өткеріп беру) жобасымен мемлекеттік жеке өндірісте құрылып жатыр. Мемлекеттік сыртқы қарыз көбеймейді. Бұл екі ірі құрылыс - өзін-өзі ақтайтын коммерциялық құрылыс болып қалады", - деді үкімет басшысы Ақылбек Жапаров.
Жогорку Кеңеш 19 маусымдағы отырысында "Қытай -Қырғызстан- Өзбекстан" темір жолы құрылысы туралы үш елдің үкіметтері қол қойған келісімде ратификациялау жөніндегі заң жобасын қарап, үш оқылымда қабылдаған.
Көлік және коммуникациялар министрінің орынбасары Ырысбек Бариев баяндама жасап жатып, жобаның құны 4 млрд 665 млн доллар болатынын білдірді.
Мұның тең жартысы – 2 млрд 332 млн долларды үш мемлекет шығарады. 51% Қытай береді, Қырғызстан мен Өзбекстан 24,5% шығарады. Яғни, Бейжің 1 млрд 187 млн доллар, Бішкек 573 млн доллар және Ташкент 573 млн доллар ақша салу керек.
Соманың екінші бөлігі – 2 млрд 332 млн долларды Қытай үш ел құрған бірлескен компанияға несие ретінде береді.
Бірлескен компанияда Қытайдың үлесі 51%, Қырғызстан мен Өзбекстанның үлесі 24,5 пайыздан болады.
Темір жол құрылысы жүзеге асатын болса, үл ел бірлесіп құрған компания 31 жыл бірге басқарады, сосын толық Қырғызстанның қарамағына өтеді.